19 қазан 2023 15:43

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 20 қазаннан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын "Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы кенті" сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады.

Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес қызмет көрсету "NEO city TRANS" ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.

Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 "Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары", №233 "Қараой - Саяхат ауылы", № 240 "Батыр ауылы - "Адем-1" СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленіп жатыр.

Одан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарланып отыр, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети