21 қараша 2022 13:38

Алматылықтар сирек кездесетін табиғат құбылысының куәсі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматыда тұрғындар сирек кездесетін табиғат құбылыстарының бірін байқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда тұрғындар сирек кездесетін табиғат құбылыстарының бірін байқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қарашада кешкі сағат 21:00 шамасында қалада жаңбыр басталды. Сәлден кейін кейбір қала тұрғындары найзағайдың куәсі болды. Алматылықтардың айтуынша, бұған дейін қарашаның аяғында күн күркірегені есте жоқ.

"Түн ортасына таяп қалғанда, жаңбыр құйып кетті, аспанда найзағай ойнағанын көрдік. Бір кезде күн қатты күркірегені сонша, тіпті басқа жаңбырлы мезгілдерде бұлай болғаны есімде жоқ. Қарудан оқ атқандай күшті болды", - дейді Достық пен Әл-Фараби даңғылының қиылысына жақын маңда тұратын азамат.

Синоптиктер мәліметінше, Алматыда жауын-шашынның көп болуына фронталь бөліктердің өтуі және ауа температурасының күрт ауысуы себеп болған. Олардың айтуынша, қарашаның үшінші онкүндігінде күн күркіреуі шынымен де сирек кездесетін құбылыс.

"20 қарашада түстен кейін күн 13 градусқа дейін жылынып, түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеді. Температураның төмендеуі 10 градус болды. Тауға жақындаған жылы ауа массасы таудағы суықпен араласып, нәтижесінде қатты жауын-шашын болды: әртүрлі аймақтарда 12-ден 29 миллиметрге дейін жауын-шашын түсті. Аласа таулар мен тау бөктерінде жаңбыр мен қар жауды, ал тауларда қар жауды.

Қарашада күн күркірегені өте сирек құбылыс, бірақ болады. Қазақстанның оңтүстігінде қарашада он жылда 1-2 рет болады. Сондықтан алматылықтар сирек кездесетін құбылыстардың бірін байқады", - дейді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети