"Арқанкерген" шекара бекетінде қызмет еткен шекарашы Денис Рейдің анасы ұлын жоғалтқаны үшін Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінен 20 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шакарашының анасы Татьяна Рейге сілтеме жасап.
"Арқанкерген" шекара бекетінде қызмет еткен шекарашы Денис Рейдің анасы ұлын жоғалтқаны үшін Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінен 20 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шакарашының анасы Татьяна Рейге сілтеме жасап.
"Біз бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бас әскери басқармасы мен №2484 әскери бөлімінен моралдық залалды өндіру үшін сотқа талап-арызбен жүгіндік. Мен баламды жоғалтқаны үшін 20 миллион теңге өтемақы талап етемін", - деді "Арқанкергенде" қызмет еткен шекарашының анасы.
Оның айтуынша, ақша ол үшін маңызды емес. "Мен үшін бұл ақша маңызды емес. Тек бұл баламнан айырғандарды жауапқа тартудың жалғыз жолы болып тұр. Сеніңіздер, мен мұндай бағамен әділеттікке жеткім келген жоқ еді, бірақ өкінішке қарай, осылай жасауға мәжбүр болдым. Қазір бізді, "Арқанкерген" шекара бекетінде болған балалардың ата-аналарын бәрі ұмытып кетті. Ал мен әлі күнге дейін баламның қайда екенін білмеймін, енді біле де алмайтын шығармын", - дейді Татьяна Рей.
Астана қаласындағы сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Людмила Костенконың айтуынша, бұл талап арызды елорданың Сарыарқа аудандық соты қарайтын болады. "Мен Татьяна Рейдің мүддесінің өкілі ретінде сот оның талабын қанағаттандыру үшін барымды салатын боламын. "Арқанкерген" шекарашыларының басқа ата-аналары да оның осы үлгісін қолданатынына сенімдімін", - дейді Костенко. 
Осы ретте Татьяна Рей сотқа баласының із-түссіз жоғалғанын мойындау туралы талап арызбен жүгінгенін хабарлады. Бұдан бұрын Рей ҰҚК Шекара қызметінен ұлының қазасы үшін өтемақы талап етуге ниетті екенін мәлім еткен болатын. Ол моралдық шығынды төлету үшін сотқа талап арыз беруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Еске сала кетейік, "Арқанкерген" шекара бекетіндегі жан түршігерлік оқиға 2012 жылдың 30 мамырында болған. Өртеніп кеткен бекеттен 14 шекарашы мен қорықшының денесі табылған. Кейіннен шекарашы Владислав Челах ұсталды. Оны қызметтестерін өлтірді деп айыптады. 2012 жылдың желтоқсан айында ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал Челахтың қорғаушысы Сәрсенов БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жазды.