25 маусым 2015 12:12

Астанада 2017 жылға дейін бір де бір маса қалмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

2017 жылы Астанада бір де бір маса қалмайды. Бұл жайында Астананың Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Координациялық комиссиясының отырысында департамент жетекшісінің орынбасары Федор Пеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылдан бастап масалармен және кеміргіштермен күрес мәселесі Тұрғын үй коммуналдық қызметіне жіберілді. Олар - бағдарлама әкімшісі. Біз оларға көмектесеміз, кеңес айтамыз. Бірақ EXPO-2017 өткізу кезінде бізде бір де бір маса қалмауы керек. Сондықтан бүгінде осы түрлерлердегі жұмысқа жұмсалатын қаражатты есептеп, сметасын толтырдық", - деді департамент жетекшісінің орынбасары.

"Бұл өте маңызды мәселе, себебі егер шет елдердің адамдарды өздерінің бір бұқаралық ақпарат құралдарында Астанада масаның көп екенін жазса, бұл біздің тарапымыздан дұрыс болмас еді. Бұл біздің елордамыздың абыройы", - деді Пеев.

Айта кетейік, осыған дейін елорда тұрғындарының "Халық бақылауы" айдарына хабарласып, масалардан келтірген залалын айтқан болатын. Астаналықтар қансорғыш жәндіктерді жою бойынша қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын сұраған. Бұл сұраққа Тұтынушылардың құқығын қорғау депратментіндегілер жауап берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети