15 қаңтар 2024 17:20

Астанада сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды: тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" 288 заңбұзушылықты анықтап, заңбұзушылықтарды жоюға 247 нұсқама берді", - деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Әкімдік мәліметінше, Астана әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  • "NAK development" ЖШС;
  • "БазисДоСтрой" ЖШС;
  • "КСМК-АФ" ЖШС;
  • "DBK-Engineering" ЖШС;
  • "Пропилон" ЖШС;
  • "ANA Astana" ЖШС;
  • "ППК" жобалау-құрылыс компаниясы" ЖШС;
  • "X-clusive Qurylyus Group" ЖШС.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети