17 наурыз 2016 11:36

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткіш тұрғызуға 100 миллион теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіштің сызбасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіштің сызбасы

Астанада салынатын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткішке жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтты.


Астанада салынатын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткішке жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтты.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіштің құрылысына 100 миллион теңге бөлінеді", - деді әкімнің орынбасары 2015 жылдың 11 желтоқсанындағы "2016-2018 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы" мәслихат шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы айта отырып.

Сонымен қатар, ол Cалтанатты қақпа маңында үлкен алаң салуға да бюджеттен қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Еске салайық, өткен жылдың соңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіштің үздік сызба-идеясы анықталған еді. Конкурс нәтижесі бойынша алматылық Еділ Әлімбеков бірінші орынды жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети