26 наурыз 2015 15:18

Азамат Тәжаяқовтың қорғаушылары оны Қазақстанға депортациялауға тырысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Тәжаяқов сот залында. Скетч ©wpri.com/AP Photo/Jane Flavell Collins Азамат Тәжаяқов сот залында. Скетч ©wpri.com/AP Photo/Jane Flavell Collins

Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың қорғаушылары оған тағылған айыптың барлығын алып тастауды сұрап отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтың әкесі Әмір Ысмағұлов айтып берді. Еске сала кетейік, Азамат Тәжаяқов пен оның жолдасы Диас Қадырбаев 2013 жылы 20 сәуірде Бостонда қамауға алынған болатын.

Ысмағұловтың айтуынша, процесс барысында қорғаушылар жиналған дәлелдердің студенттерді тергеу жұмыстарына кедергі келтіріп, айғақ заттарды жойды деп айыптау үшін жеткіліксіз екеніне Жоғарғы сотты сендірді. Еске сала кетейік, тергеудің тұжырымы бойынша, студенттер Бостон марафонында лаңкестік әрекет жасады деп айыпталған Джохар Царнаевтың флеш-картасы мен ноутбугын лақтырып жіберген.

Азамат Тәжаяқовтың әкесінің айтуынша, қорғаушылар қазақстандыққа тағылған айыптарды алып тастау туралы сотқа петиция жазды. Алайда, Ысмағұловтың сөзіне қарағанда, прокуратура оның орнына жаңа айыптарды тағуға ниеттеніп отыр. Нақты қандай екені, әзірше хабарланған жоқ. Тәжаяқовтың әкесінің айтуынша, студент екі жылға жуық уақыт бойы қамауда отыр. Ол осы мерзім жаза ретінде есептеліп, айыпталушыны өз отанына депортациялауға келісім беріледі деп үміттеніп отыр. Сонымен қатар, Ысмағұловтың мәліметінше, Диас Қадырбаевты да осыған ұқсас шешім күтіп тұр. 

Бұған дейін Азамат Тәжаяқовтың Бостон марафонында лаңкестік әрекет ұйымдастыруға күдікті Джохар Царнаевқа қарсы куәгерлік жауап беруге ниетті екені хабарланған болатын. Қорғаушының айтуынша, ол прокуратура өкілімен Азамат Тәжаяқовтың 2015 жылдың бірінші жартысына жоспарланған Царнаевтың ісіне қатысты сот процессіне қатысуы туралы бірнеше "аздаған пікірталас" жүргізіпті. Алайда тараптар нақты шешімді әлі қабылдаған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети