09 наурыз 2016 14:59

Балаларда мектеп қабырғасында инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыру қажет - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласындағы Қадыр Мырза-Әлидің атындағы мәдениет және өнер орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласындағы Қадыр Мырза-Әлидің атындағы мәдениет және өнер орталығында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Оның барысында Қазақстан Президенті өнер және мәдениет залын, кітапхананы, сонымен қатар мемориал кабинетін қарап шықты. Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы шығармашылық интеллигенцияның өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы әлем экономикасының жаңару негізіне ғылыми жетістіктер мен инновациялардың кіретінін атап өтті. 

"Біз және жас ұрпақ экономиканың мүлдем басқа болатынының куәгері боламыз. Бізге бұған білім беру арқылы дайындалуымыз қажет. Балаларға мектеп қабырғасында инновациялық ойлау үрдісін қалыптастыруымыз керек. Қазіргі мамандықтарға деген сұраныс болашақта азаяды. Қазіргі таңда ғылым осылайша жылдам дамып жатыр. Қазіргі уақытта білім берудің мәні өзгерді. Балаларға бостандық пен шығармашылыққа уақыт бөлу керек, белсенді ойлау үрдісін ынталандырып отыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласына келді. Сапар барысында бірқатар нысанға бару, сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Біздің күшіміз - бірлікте" атты республикалық форумына қатысу жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети