17 шілде 2015 16:13

Бішкекте өлтірілген қазақстандық "Ислам мемлекетімен" (ДАИШ) байланысы бар лаңкестік топты басқарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Бішкекте өлтірілген қазақстандық "Ислам мемлекетімен" (ДАИШ) байланысы бар лаңкестік топты басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сулаймановқа сілтеме жасап. Айта кетейік, арнайы операция ҚР астанасында 16 шілде күні кешке болды.


Бішкекте өлтірілген қазақстандық "Ислам мемлекетімен" (ДАИШ) байланысы бар лаңкестік топты басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сулаймановқа сілтеме жасап. Айта кетейік, арнайы операция ҚР астанасында 16 шілде күні кешке болды.

МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде төрт лаңкес өлтіріліп, топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, халықаралық топтың құрамына Қазақстан мен Қырғызстанның азаматтары кірген, оны 27 жастағы қазақстандық Жанболат Әміров басқарды. Оның 2015 жылы маусым айында 24 жастағы отандасы Альберт Абхинмен бірге түрмеден қашып кеткені белгілі. Кейін Абхин ұсталу кезінде өз-өзін жарып жіберді, ал Әміров қашып кетіп, іздеуде болды.

Бұған дейін қырғызстандық БАҚ Бішкекте көздері жойылған содырлардың Қазақстан азаматтары болғанын жазды. Болжам бойынша, өлтірілген содырлар Қазақстан территориясында пайда болып, әрекет еткен лаңкестік ұйымның қатарында болған. Содырлардың өз қатарына Қырғызстан азаматтарын тартуға мүмкіндігі болғаны хабарланды. "Содырлардың арасында біздің азаматтар бар", - деп хабарлады дереккөз. Алайда Қазақстан СІМ өкілдері Бішкекте көздері жойылған содырлардың азаматтығы жайлы мәліметті растамады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, арнайы операция кезінде қазақстандықтар өлтірілді делінген мәлімет тексеріліп жатыр. 

Айта кетейік, Бішкекте болған арнайы операция кезінде МҰҚК арнайы бөлімшесінің төрт қызметкері ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қарапайым халықтан ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети