18 ақпан 2015 11:27

Депутаттар Назарбаевтан кезектен тыс сайлау өткізуді қолдауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Парламенті Мәжілісінің Facebook-тегі парақшасынан Фото ҚР Парламенті Мәжілісінің Facebook-тегі парақшасынан

Парламент Мәжілісінің депутаттары Президенттен кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастаманы қолдауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаттары Президенттен кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастаманы қолдауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдауды және республика Конституциясының 41-бабының 1-ескертуінің 3-тармағына сәйкес, кезектен тыс президент сайлауын белгілеу мәселесін қарауды сұраймыз", - деді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов палатаның жалпы отырысында. 

Депутаттар ҚХА Кеңесінің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуін және Мәжіліс депутаттарының Президенттен ҚХА Кеңесінің бастамасын қолдауды сұраған өтінішін бірауыздан қолдап дауыс берді. 

"Ассамблеяның ұсынысы дер кезінде көтерілген, өзекті, саяси жағынан салыстыра тексерілген ұсыныс деп есептеймін, жеке өзім оны қолдаймын. Мұның біздің бүкіл көпұлтты қоғамымыздың сыртқы жағымсыз факторларға деген саналы жауабы екені күмәнсіз. Әлемде халықаралық дағдарыс күш алып келеді, геосаяси шиеленіс болып жатыр. Болжам бойынша мұның бәрі ары қарай ушыға түсуі мүмкін. Соған байланысты біз, қазақстандықтар, өте сындарлы, прагматикалық, стратегиялық тұрғыдан әрі басып оза ойлауымыз қажет", - деді депутат Сергей Дьяченко. 

Ол қазіргі уақытта Қазақстан халқы ауызбіршілігінің нығаюы маңызды екенін айтты. "Иә, біз күрделі әлемдік дағдарыс кезеңінен өттік - бұл біздің тұрақтылығымызға жақсы сынақ және өзіміздің неге қауқарлы екенімізді білу үшін бізге, барлық қазақстандыққа жақсы тәжірибе болды. Бізге әлі де біріге түсіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтаса түсу қажет, "Нұрлы жол" бағдарламасында белгіленген барлық бастаманы іске асыру үшін әлі де көп білім мен күш салу керек. Сыртқы қатерлерге біз ортақ мақсат жолындағы жігерлі еңбегімізбен жауап қатамыз", - деді Мәжіліс депутаты. 

Бұл пікірді депутат Ирина Аронова да қуаттады. "Біздің Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенімнің жаңа мандатын беру үшін бізге мерзімінен бұрын өтетін сайлау қажет. Ол Президент алдағы уақытта да халықты болуы мүмкін қауіптерден сақтандырып, әлемдік ахуалдың өте қиын әрі жаңа кезеңінде де Қазақстанның ауқымды модернизациясы жөніндегі бағытын жалғастыруы және елімізді әлемнің 30 озық мемлекеті қатарына қосуы үшін керек", - деді ол. 

"Президент сайлауын Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатын жылы өткізу ұсынылып отыр. Бұл тегін сәйкестік емес, ол - ата-бабамыз құрған мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығының анық, бір мәнді көрінісі", - деді депутат Азат Перуашев. 

Еске салайық, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері өз отырысында азаматтардан келіп түскен Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы көптеген өтініштерді бірауыздан қолдап, бұл туралы бастама көтерген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети