08 қаңтар 2015 16:25

ЕАЭО азаматтары еңбек шарттары жөнінен тең құқыққа ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kavkaz-uzel.ru ©kavkaz-uzel.ru

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары еңбек шарттарына қатысты тең құқыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. 


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары еңбек шарттарына қатысты тең құқыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. 

Жақыпованың мәлімдеуінше, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметтер, тауарлар және капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысына жағдай туғызатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт күшіне енді. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, келісімшарт жасырын көші-қонды азайтып, одаққа мүше елдердің азаматтарының құқығын теңестіреді.

Айта кетейік, келісімшарттың "Еңбек миграциясы" деген тарауында өзге мемлекеттерде жұмысқа тұрған азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне жасалатын жағдайлар мен жұмысқа тұру кезінде қойылатын талаптар қарастырылған. Азаматтарды тіркеу мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері де осы тарауда көрсетілген. Мысалы, осы келісімшарт бойынша жұмысшы мигранттарды әлеуметтік қамсыздандыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасына сай іске асатын болады. Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін азаматтардың еңбек өтілі әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында жалпы еңбек өтіліне қосылатын болады.

Ал зейнетақы азаматтың тұрақты тұратын мемлекетінің заңнамасы мен ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы келісімшарт бойынша есептеледі.

Тағы бір айта кететін жайт, келісімшарт бойынша жұмысшы мигрант пен оның отбасы мүшелері жедел медициналық көмек пен өзге де медициналық жәрдем алуға құқылы. Сонымен қатар, балаларын сол елдің заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге бере алады.

Еске сала кетейік, 2014 жылы шетелден жұмыс күшін тартуға бөлінген квота көлемі 0,7 пайыз, яғни 63 мың адам болды. Ал 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар шешімімен Қазақстанда 29462 шетел азаматы еңбек етті, 2577 жұмыс беруші шетелден жұмыс күшін тартты.

Олардың 44,4 пайызы (11,4 мың адам) құрылыс саласында, 13,4 пайызы (3,4 мың адам) тау кен өндіру кәсіпорындарында, 5,4 пайызы (1,4 мың адам) өңдеу өндірісінде еңбек етіп жүр.

Айта кетейік, квотаның биылғы көлемі де республиканың экономикалық белсенді тұрғынына шаққанда 0,7 пайыз, яғни 63,9 мың адам болып тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети