08 сәуір 2022 14:26

EGov-та 10 сотық жерге өтінім неге қабылданбауы мүмкін?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

10 сотық жер алуға кезекке тұрмақ болған қазақстандықтар "Азаматтарға арналған үкімет" eGov.kz сайты жұмысындағы үзілістерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 сотық жер алуға кезекке тұрмақ болған қазақстандықтар "Азаматтарға арналған үкімет" eGov.kz сайты жұмысындағы үзілістерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кейбір аймақтарда өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Тұрғындардың айтуынша, мемлекеттік мекеме кезекке тұру мүмкін еместігіне байланысты өтінішті қабылдамайды.

"Өткен аптада тест режимінде жекеменшік тұрғын үй құрылысына жер телімін (10 сотық) алу қызметін іске қостық. 8 сәуірде сервис ресми түрде іске қосылды. Содан бері сервис онлайн режимде 100 мыңнан астам рет қолданылған. Қызмет іске қосылғанға дейін кезекте тұрған 1,3 миллион адамды цифрландыруға көшірдік", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

ЕGov порталында ешқандай шектеулер жоқ екені, бәрі әдеттегідей жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.

"Әкімдіктері кезекке тұруды уақытша тоқтатуды сұраған аймақтарда бұл қызмет болмауы мүмкін, өйткені олар кезек тізімдерін жаңартады.

Кезекке тұру туралы өтінішті қабылдаудан бас тартқан немесе қабылданбаған жағдайда, Е-Өтініш арқылы себептерін анықтау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге болады. Елді мекеннің қолжетімсіз болуының басты себебі әкімдіктердің қолданыстағы тізімдерді нақтылауына байланысты", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгініп, кезекте тұрғандар әкімдіктерде сақталатын. Енді бұл қызмет eGov.kz порталында ашылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети