02 желтоқсан 2015 16:15

Елімізде таяу күндері ауа райы бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© progorod11.ru © progorod11.ru

Елімізде таяу күндері ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.


Елімізде таяу күндері ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, таяу күндері Қазақстанда жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрған Сібір антициклонының сілемдері бұзылады және шығысқа қарай жылжиды. Оның орнына Каспий теңізінен атмосфералық фронттар мен циклон келеді.

"Осыған байланысты жақын арадағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында ауа райы бұзылады, жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ болады. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Температура орташа көпжылғы мәннен 1-5 градус, оңтүстікте 5-10 градус жоғары болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети