22 ақпан 2022 14:04

Ғимараттарды басып алу. Тәртіпсіздік кезінде ұсталған жасөспірімдерге қандай айып тағылған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұсталған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге айтарлықтай ауыр айыптар тағылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұсталған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге айтарлықтай ауыр айыптар тағылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында қамауға алынғандар арасында кәмелетке толмаған 16-17 жас аралығындағы азаматтар да бар. Оларға тағылған айып айтарлықтай ауыр және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, ғимараттар мен қару-жарақтарды басып алуға қатысты", - деді Әзімова "Хабар" телеарнасында.

Ол Қазақстан қатысатын Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес, кәмелетке толмағандар қылмыс жасағаны үшін тек төтенше жағдайда және қысқа мерзімге қамауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді.

"Кәмелетке толмағандардың бәрі іс жүзінде қылмыстық сот төрелігі ортасына алғаш рет түсті. Кейін ата-анасының кепілдігімен балалар босатылды. Тараздағы кәмелетке толмаған бір баланы қоспағанда. Оған қатысты прокурорлық тексеру әлі аяқталған жоқ", - деді Әзімова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети