02 қаңтар 2016 14:50

Жаңа жыл түнінде Сыр өңірінде 33 сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

Жаңа жыл түнінде Қызылорда облысындағы перзентханаларда 33 сәби дүниеге келді. Мешін жылымен бірге есік ашқан 15 ұл мен 18 қыз баланың денсаулығы қалыпты, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.


Жаңа жыл түнінде Қызылорда облысындағы перзентханаларда 33 сәби дүниеге келді. Мешін жылымен бірге есік ашқан 15 ұл мен 18 қыз баланың денсаулығы қалыпты, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Жалпы өткен жылы өңірдің демографиялық ахуалы айтарлықтай оңды өзгерістермен ерекшеленген. Жас ана Әйгерім Әубәкірова жаңа жыл түні екінші сәбиін бауырына басты. Оның отбасы үшін тұлымды қыз тамаша тарту болды. Ата-анасы шақалақтың есімін әлі қойып үлгермепті. "УЗИ-де қыз деді. 31 желтоқсан күні келдік, 12.25-те босандым. Қыз тудым. Салмағы 3 келі 20 гр. Қуаныштымын", - деді ол. 

Дәрігерлер қауымы Жаңа жылда жаңа босанған аналарға мерекелік сый-сияпат жасауды да дәстүрге айналдырған. Жылдағы үрдіспен ақ халаттылар Аяз ата мен Қаршақыз кейпіне енді. Жалпы мамандар аймақтағы демографиялық ахуалдың жақсарғанын айтады. Мәселен бес жыл бұрын бір жылда 12 мың шақалақ туса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға артқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети