01 қараша 2022 11:02

Жоғары оқу орындары smart-университет үлгісіне көшеді - министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстандық университеттер smart-университет үлгісіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық университеттер smart-университет үлгісіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр ведомствоның ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. Осылайша, оқытудың жаңа түрі - онлайн оқыту енгізілді.

"Жоғары оқу орындары Smart-университеттер моделіне көшеді. Бұл студенттің цифрлық бейінін қалыптастыруды, яғни student life track, EdTech цифрлық сервистерін дамытуды, цифрландырудың озық трендтеріне сәйкес процестерді оңтайландыруды көздейді. Coursera, EdX курстарының ауқымы кеңейтілді. Басқару сапасын арттыру және білім беру қызметтерін көрсету мақсатында "Цифрлық университеттің эталондық стандарты" әзірленетін болады", - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жоғары білімнің цифрлық трансформация стратегиясын үйлестіру мақсатында әрбір ЖОО-да цифрлық офицер (CDO) лауазымын енгізу жұмыстары жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети