31 мамыр 2021 09:22

Жүргізушілер наразылығы: "ҚазАвтоЖол" сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Нұр-Сұлтанда жүк көлік жүргізушілері жолдардың ақылы болуына байланысты наразылық шарасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда жүк көлік жүргізушілері жолдардың ақылы болуына байланысты наразылық шарасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, жүк көлік жүргізушілері наразылық шарасын ұйымдастырып, Нұр-Сұлтаннан шығатын жолды жауып тастаған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақпараты бойынша, 30 мамырда индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы, Атамекен ҰКП және "Kazlogistics" көлік қызметкерлері одағының өкілдері алыс жолға қатынайтын жүк көлік жүргізушілерімен кездескен.

Кездесу барысында "Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ақы болатын жолдар мәселесі талқыланған. Алыс жолға қатынайтын жүргізушілер ақылы жүйені енгізу туралы өз пікірлерін айтып, ұсыныстар жасады.

"Министрлік пен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ барлық өтінішті қарауға дайын. 7 күн ішінде қоғамдық бірлестіктер барлық мүдделі жол қозғалысына қатысушылардан ұсыныстар жинайды. Ұсыныстарды жинау аяқталғаннан кейін ақылы жолдарды енгізу туралы бұйрық жобалары қаралады", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Осыған ұқсас акциялар Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткен. Lada.kz порталының мәліметі бойынша, Ақтауда жергілікті жүк көлік жүргізушілері наразылық шарасын ұйымдастырған.

Биыл Республикалық маңызы бар 5,8 мың шақырым автожолға ақы алу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңіл көлік тек І-техникалық санаттағы автожолдар үшін ғана төленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети