21 қазан 2014 16:25

Қарабалин апаттан қаза тапқан Total президентін еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристоф де Маржери. ©top.rbc.ru Кристоф де Маржери. ©top.rbc.ru

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқан Total президенті Кристоф де Маржериді еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқан Total президенті Кристоф де Маржериді еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кристоф де Маржери мырзаның қайғылы қазаға ұшырауы Францияның ғана емес, біздің мұнайшылар үшін де аса ауыр жайт болды. Де Маржериді біз жақсы маман әрі Total жұмысын өте биік деңгейде ұйымдастырған басшы ретінде білеміз. Біз оны жеке танитын едік, бірнеше рет кездесіп, бірге мәселелерді талқыладық. Бұл оптимист, қызықты, көп білетін адам болатын. Мұндай адамды жоғалту - қайғылы оқиға", - деді ол "бұл қайғылы жағдай Қашаған жобасына әсер ете ме" деген сауалға жауап беріп.

"Бұл Қашаған жобасына қалай әсер етеді? Ол - жоғары ұйымдастырылған әлемдік деңгейдегі компания, бұл компанияның менеджментінде туды әрі қарай көтеріп, істі әрі қарай жалғастыратын адамдар бар шығар деп ойлаймын. Мен Total-дың бас желісі бұл қайғылы оқиға салдарынан Қашаған жобасына әсер етеді деп ойламаймын. Біздің компаниямен арадағы тең іскерлік қатынастарымыз сақталады. Мен жағдайды пайдаланып, әріптестеріміз бен онымен бірге қайтыс болған адамдардың туыстарына көңіл айтқым келеді", - деді Қарабалин. 

Еске сала кетейік, Total француз энергетикалық концернінің президенті Кристоф де Маржери Мәскеудің "Внуково" әуежайындағы ұшақ апаты кезінде қайтыс болған еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Falcon ұшағының бортында барлығы төрт адам болған. Total басшысымен бірге экипаж мүшелері Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Пикан Яннь Жак Жозеф те қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети