18 қыркүйек 2023 12:06

Қарағанды облысында блокбекеттер қойылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Қарағанды облысының жолдарында мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша мобильді блокбекет қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қарағанды облысының жолдарында мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша мобильді блокбекет қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстың республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарында 17 мобильді блокбекет қойылды. Олардың құрамына криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары кіреді. Тосқауыл бекеттерінің мақсаты - дәстүрлі ет жинау кезеңіндегі мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу.

"Мал өсірумен айналысатын жеке шаруалар мен қожалықтар зардап шегіп жатыр. Соңғы жағдайды мысал ретінде келтірер болсам, Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт адамдық күдікті топты ұстады. Олардың мал ұрлығының алты дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Фото: polisia.kz

Ол сондай-ақ полицияның мобильді жол тосқауылының алдына мал мен ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын көліктердің ветеринариялық құжаттаманың бар-жоғын тексеріп, өнімнің таза жолмен алынғанын анықтау міндеті қойылды.

Өскембаев жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 25 дерегі тіркелгенін айтты. Кешенді шарамен 10 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мал ұрлығымен айналысқан екі тұрақты қылмыстық топ ұсталып, олардың мүшелері мал ұрлығының 8 дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Облыс ПД өңір тұрғындарынан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети