06 қаңтар 2019 11:28

Қарағандыдағы төбелес: Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"Древний Рим" мейрамханасында болған төбелестен зардап шеккендердің бірі әлі де ауруханада жатыр. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметі бойынша, оның өміріне қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Древний Рим" мейрамханасында болған төбелестен зардап шеккендердің бірі әлі де ауруханада жатыр. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметі бойынша, оның өміріне қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2019 жылы 1 қаңтарда "Древний Рим" мейрамханасындағы төбелестен зардап шеккен жігіттің денсаулығы бүгінде орта деңгейлі ауырлыққа сәйкес. Науқастың өміріне еш қауіп жоқ, күннен күнге оның денсаулығы жақсарып келеді", - делінген Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сонымен қатар, жігіттің денсаулығы нашарлап, не болмаса оның қайтыс болғаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. 

"Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады") бойынша жауапкершілікке тартылады. 

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети