24 шілде 2020 15:15

"Қатты ауырып жатқан". Журналист Рүстем Рахым қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/rrakhim Фото:facebook.com/rrakhim

Журналист Рүстем Рахым қайтыс болды. Бұл туралы оның достары мен әріптестері хабарлады. Олар журналистің туыстарына қаражат жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Журналист Рүстем Рахым қайтыс болды. Бұл туралы оның достары мен әріптестері хабарлады. Олар журналистің туыстарына қаражат жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистің қайтыс болғаны туралы алғашқылардың бірі болып оның әріптесі Әйгерім Ақбергенова Facebook желісіндегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, Рүстем Рахым жақында ата-анасына көмекке келген, сол кезде өзі ауырып қалған.

"Жаңа ғана маған Рүстемнің арамыздан кеткені туралы хабар келді. Ойлаңыздаршы... Мен бұған сенбеймін. Әркімге қоңырау шалып, нақтылауға тырысып жатырмын. Достарымнан біліп беруін сұраймын. Мүмкін бұл қате шығар? Шатастырған болар? Кішкентай болса да, үміт іздеп отырмын. Таяуда маған оның қатты ауырып жатқанын айтқан еді. Сол кезде іштей одан бізбен бірге болуын өтінгенмін. Айтарға сөз таба алмадым. Нақты ештеңе білмеймін, бірақ қазір оның не қажеті бар", - деді ол.

Рүстем Toppress-те журналист, URANkz-те баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген. Бұған дейін ЕҰУ-да оқытушы, КТК, 7-арна, "Петербург" телеарналарында журналист болып еңбек еткен. Жұмысында Қазақстандағы өзекті мәселелерді көтерген. 

Tengrinews.kz редакциясы әріптестеріне қосылып, Рүстемнің отбасына көңіл айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети