10 қазан 2014 | 11:23

Қазақстан Еуроодақпен бірге ДСҰ-ға мүше болу мәселелерін шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Қазақстан мен Еуроодақ бейсенбі күні серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа кеңейтілген келісім аясындағы келіссөздердің және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы жолындағы екіжақты мәселелерді шешудің аяқталғандығын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Еуроодақ бейсенбі күні серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа кеңейтілген келісім аясындағы келіссөздердің және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы жолындағы екіжақты мәселелерді шешудің аяқталғандығын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы екіжақты келіссөздерін аяқтау туралы құжатқа қол қойылды. Осы екі құжат та біздің ел үшін зор мәнге ие. Жаңа келісім дайындау мәселесін біз алғаш 2006 жылы қозғадық. Соңғы 3-4 жылда бұл бағытта келіссөздер белсенді жүргізілді және атқарылған жұмыстардың арқасында табысты аяқталды. Қазақстан – Еуропалық одақпен екінші буын келісіміне қол қоятын Орталық Азиядағы бірден бір мемлекет. Бұл біздің Еуропалық одақпен диалогтың жаңа сапалы деңгейге шыққанын айғақтайды және серіктестігіміздің стратегиялық сипаты мен кемелденгенін көрсетеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельдегі брифингте.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның сыртқы саудасының 50 пайызы мен елімізге келген және экономикамызды көтерген тікелей шетелдік инвестициялардың 50 пайыздан астамы ЕО елдерінің үлесіне тиеді. "Қазақстан өз кезегінде біріккен Еуропаның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналды", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңартылған Сауда тарауы жаңа Келісімнің негізгі аспектілерінің бірі болып саналатынын атап өтті: "Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі аясында қабылдайтын, сондай-ақ Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт аясында қабылданған міндеттемелерін ескерген. Тараптар арасында виза режимін жеңілдету туралы келісімді Реадмиссия туралы келісіммен бір мезгілде әзірлеу мүмкіндігі туралы уағдаластық Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасындағы нағыз серпілістің бірі болғанын айрықша атап өткім келеді".

"Жаңа Келісім – қазақстандық және еуропалық кәсіпкерлердің табысты қызметі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін практикалық құрал. Сонымен қатар, ол азаматтарымыздың арасындағы байланыстарды нығайтатын болады. Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын қабылдап, озық 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп қойды. Еуропалық одақтың орасан әлеуеті мен бірегей тәжірибесін ескере отырып, біз еліміздің алдында тұрған амбициялы міндеттерді жүзеге асыруда оның қолдауына үміт артамыз, - деді Назарбаев.

Еуропалық Комиссия басшысы өз кезегінде соңғы жылдары серіктестіктің нығайғанын, ал байланыстар барынша қарқын алғанын атап өтті. "Қазақстан қазіргі кезде Еуропалық одаққа сауда-экономика саласында ғана емес, өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту саласында да маңызды серіктес болып саналады. Және біздің ынтымақтастығымыз кеңейіп келеді. ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа Келісім барынша берік саяси, экономикалық және стратегиялық өзара іс-қимылға едәуір септігін тигізеді, сондай-ақ тауар айналымы мен тараптар арасындағы инвестицияларды қамтитын болады", - деді Еуропалық комиссия төрағасы.

Мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2014 жылы мүше болатынына үміт білдірген еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети