04 мамыр 2014 | 14:31

Қазақстан биыл ДСҰ-ға кіруге үмітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pda.kabar.kg сайтынан Фото pda.kabar.kg сайтынан

Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне өтетініне сенеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.

Бүгінгі отырыста Президент Қазақстан, Ресей мен Беларусь кіретін Еуразиялық экономикалық одақты құрудың маңыздылығына тоқталып, Кеден одағының тиімділігін ерекше атап өтті. "Бұған қоса, біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөздер үдерісін аяқтауға жақынбыз. Биыл ұйымның толыққанды мүшесі боламыз деген сенім бар", - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесімен экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова айналысып жүр. Оның айтуынша, бұл мүшелікті әлемнің 50 мемлекеті қолдау тиіс "Алайда олардың әрқайсысы тиісті құжаттарға қол қоймайынша, келіссөздерді жаңадан бастай алады. Дегенмен, ағымдағы жылы біз барлық келіссөздерді техникалық деңгеде аяқтаймыз деп отырмыз", - дейді Айтжанова. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 1993 жылдан бері кіруге тырысып келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети