Қазақстандық донор болуға келісіп, ал отбасы қарсы болса: кімнің шешімі ескеріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Операция Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар тірі кезінде қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берген күннің өзінде, ол қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер бәрібір туыстарының пікірін сұрайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлап, өз шешімін жақындарымен алдын ала талқылауға шақырды. Мамандардың айтуынша, бұл түсініспеушілік пен ағза трансплантациясы төңірегіндегі кең таралған мифтерден арылуға көмектеседі, деп хабарлайды Tengri Health.


Отбасының пікірі маңызды

Егер адам тірі кезінде өз еркін білдірмесе, яғни келісімін де, бас тартуын да рәсімдемесе, шешімді туыстары қабылдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситқазинов айтты.

"Пациенттің осындай келісімі болған күннің өзінде біз туыстарынан (рұқсат - ред. еск.) сұраймыз және солардың шешіміне сүйенеміз. Егер олар "жоқ" десе, онда ешқандай процесс туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер "иә" деп жатса, әрине, біз бұл бағытта ары қарай жұмыс істейміз", - деп түсіндірді Ситқазинов.

Оның айтуынша, сондықтан адамдарға донорлық тақырыбын тірі кезінде жақындарымен талқылау маңызды:

"Ертең мұны біз ойлап таптық дегендей ешқандай қауесет болмауы үшін. Бізде көбі миф құрастырғанды жақсы көреді, сондықтан туыстармен ақылдасып алу керек", - деп толықтырды орталық директоры.

Адам келісім бергеннен кейін туыстары бас тартқан жағдайлар болды ма?

Журналистер адам көзі тірісінде қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісіп, ал ол қайтыс болғаннан кейін жақындары ағзасын алуға қарсы шыққан жағдайлар қаншалықты жиі болатынын сұрады.

Орталық басшысы Қазақстанда мұндай жағдайлар әзірге тіркелмегенін атап өтті.

"Бас тарту жағдайлары болды, бірақ дәл тірі кезінде келісім беріп, кейін туыстарының бас тартуы - мұндай жағдай болған жоқ", - деп бөлісті ол.

Тағы оқыңыз: Алматыда қандай қан тапшы және неге әрбір бесінші донордан бас тартылады

“Баркалла, Ахмед!“: дағыстандық азамат кішкентай қазақстандықты қалай құтқарып қалды?