30 мамыр 2014 20:00

Қазақстан мен Аргентина рұқсатнамасыз тәртіп туралы келісімге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада Аргентинаның СІМ-нің басшысы Эктор Тимерманмен кездесу өткізді. ©mfa.gov.kz ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада Аргентинаның СІМ-нің басшысы Эктор Тимерманмен кездесу өткізді. ©mfa.gov.kz

Қазақстан және Аргентина рұқсатнамасыз (визасыз) тәртіп туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан және Аргентина рұқсатнамасыз (визасыз) тәртіп туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада Аргентинаның СІМ басшысы Эктор Тимерманмен кездесу өткізді. Саясаткерлер экономика, сауда, инвестиция, туризм саласындағы қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Келіссөз қорытындысында Қазақстан мен Аргентина арасында азаматтардың визасыз сапарлары туралы келісімге қол қойылды. 

"Екі елдің арасында ұқсастықтар өте көп, біздің көзқарастарымыз бен адамзат алдында тұрған тұрақты даму мен экология, ядролық қауіпсіздік пен көп полярлы әлемді нығайту мәселелеріндегі қауіп-қатерлерді шешу тәсілдеріміз өте ұқсас", - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Тараптар назарларын сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жүзеге аспаған үлкен мүмкіндігі бар инновация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға аударды. "Біз Аргентинаның осы жылдың екінші жартысында өкілетті бизнес-делегациясын Қазақстанға бағыттауды жоспарлап отырғанына қуаныштымыз. Өз тарапымыздан, біз аргентиналық бизнесмендерге олардың қазақстандық өз әріптестерімен пәндік ынтымақтастықтарын бастай алатындай мазмұнды бағдарлама дайындамақпыз", - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы. Ол сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде екіжақты комиссия құру жоспары мен Аргентина тарапының Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесіне қолдау көрсетуі туралы келіссөздердің жалғасып жатқанын атап өтті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты да талқыға салды. "Біз елдеріміздің түрлі БҰҰ құрылымдарына үміткерлікті өзара қолдап отыратынымызға қуаныштымыз, және мен өзімнің әріптесіме Аргентинаның 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін ерекше алғысымды білдіремін. Сіздің еліңіздің қолдауы біз үшін өте қымбат және біз болашақтағы БҰҰ ҚК құрамында бола отырып, біздің ортақ мүдделерімізді қорғауға ниеттіміз", - деп мәлімдеді Е.Ыдырысов.

ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы қазақстандық СІМ әлем елдерімен рұқсатнамасыз тәртіп орнату бойынша жұмысын белсенді түрде жалғастыратынын, оның ішінде басқа латын-америкалық мемлекет – Чилимен орнату жоспарының бар екенін мәлімдеді. Қазақстан өткен жылы Чилимен екі ел ресми делегациялары үшін визасыз сапар жасау туралы келісімге қол қойды. Еске сала кетейік, Қазақстан қазірдің өзінде Бразилия және Эквадормен визасыз режим туралы келісімге келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети