30 маусым 2015 20:57

Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Уәлихан Ахметовтің қазасын мұқият тергеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан СІМ арнайы өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.


Қазақстан Уәлихан Ахметовтің қазасын мұқият тергеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан СІМ арнайы өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.

"28 маусым күні түнгі уақытта Қазақстан азаматы Уәлихан Ахметов оқ ататын қарудан жарақат алып, қаза тапты. (...) Ахметовтің достарына, туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз наразылық білдіріп, Қазақстан азаматына қарсы бейбіт заманда қару қолдану Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластыққа, стратегиялық қарым-қатынасқа қарсы нәрсе екенін атап өтеміз", - деді бибуллаев брифингте.

"Біз оқиғаны мұқият және жан-жақты тергеуді талап етеміз. Сонымен қатар, Өзбекстан шекарасын кесіп өтті делініп отырған Қазақстан азаматына оқ ату ақылға қонымсыз іс. Өзбекстан тарапынан біз істі мұқият тергеп, кінәлілерді жазаға тартуларын сұраймыз", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан СІМ наразылық нотасын дайындап қойды. "Ташкенттегі Қазақстан елшілігі осы нотаны Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне жібереді. ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы Өзбекстан елшісі де шақырылды. Оған да нота тапсырылады", - деді Абибуллаев.

ҚР СІМ өкілі қаза тапқан адамның қасында болған азаматтың зардап шекпегенін, қазір оның құқық қорғау органдарына жауап беріп жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзбек шекарашыларының оғынан қаза тапқаны хабарланған болатын. 36 жастағы Уәлихан Ахметов жеті баланың әкесі. Ол серіктесімен бірге балық аулауға шыққан. Өзбекстан шекарашылары оларға ескертусіз 10 рет оқ атқан. 

Өзбекстан шекарашылары қазақстандықтардың шекараны заңсыз кесіп өткенін айтты. Дегенмен, қаза тапқан ер адамның серіктесі мұны жоққа шығарып отыр. Оқиғаның жай-жапсары тергеу амалдары кезінде белгілі болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети