03 тамыз 2022 12:32

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 4, 5 және 6 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 4, 5 және 6 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік антициклон жотасы республиканың солтүстік жартысына ықпал етеді, сондықтан алдағы күндері солтүстік аймақтарда негізінен құрғақ және шуақты, ал түнде салқын болады.

"Атмосфералық фронталь бөлімдер біртіндеп оңтүстікке қарай жылжып, орталықта, шығыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынның сақталуына ықпал етеді, таулы аймақтарға жақындаған кезде фронттар күшейіп, жаңбыр жауады. Күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болады деп болжанады", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы: күндіз батыста +28 +34°С, оңтүстік-батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +25 +33°С, солтүстікте, шығыста +22 +28°С, орталықта +20 +25°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста елдер +28 +35°С шегінде, тауларға жақын +22°С болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети