01 желтоқсан 2015 10:20

Қазақстанда қанша Нұрсұлтан Назарбаевтың бар екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Қазақстанда 1991-2015 жылдар аралығында 99 Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 1991-2015 жылдар аралығында 99 Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, Алматы облысында 20 Нұрсұлтан Назарбаев тіркелген, ал Оңтүстік Қазақстан облысында - 19, Маңғыстау облысында - 17.

Бір қызығы, Астанада 1991-2015 жылдар аралығында туылғандардың арасында Президенттің аттастары жоқ болып шықты.

Сол 99 Назарбаевтың 48-нде есім - Нұрсұлтан, 47 - Нурсултан, үшеуінде Нұрсултан және біреуінде Нурсұлтан деп жазылған.

1991 жылдан бері Қазақстанда 37 077 Нұрсұлтан туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде 9979 балаға Президенттің аты берілген. Алматыда 1514 Нұрсұлтан тұрса, Астанада - 2064.

2015 жылдың өзінде бұл есім 940 балаға беріліпті. Мұнда да ОҚО көш басында, 255 ұл баланың есімі - Нұрсұлтан. Екінші орында Алматы облысы, мұнда 123 Нұрсұлтан дүниеге есігін ашқан. Жамбыл облысында 89 балаға осы есім қойылды, бұл өңір үшінші орында.

51 Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні Тұңғыш Президент күні - 1 желтоқсанда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети