27 маусым 2018 13:09

Қазақстанда кешкі уақытта жарнаманы қысқарту жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Мәжіліс депутаттары жарнама мәселесіне қатысты өзгертулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары жарнама мәселесіне қатысты өзгертулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл заң жобасы 2017 жылдың 21 маусымында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданды. Заң жобасы жарнаманы мемлекеттік тұрғыда реттеп, жарнама саласын жүйелендіруге бағытталған. Заң жобасы 5 кодекс пен 9 заңға өзгертулер енгізу жоспарланған болатын", - деді әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Мәжіліс Комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова.

Заң жобасы телевидение мен радиода әлеуметтік жарнамалар туралы роликтерді 10 роликке дейін қысқарту туралы норманы қарастырады.

"Сонымен қатар, заң жобасы кешкі уақытта телерадио мен радиоарналардағы коммерциялық жарнамаларды кезең-кезеңмен қысқартуды көздейді. Яғни, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарнаманың көлемін 20 пайызға дейін қысқарту жоспарланып отыр", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети