02 қараша 2023 14:08

Қазақстанда қызылшаға байланысты қосымша вакцинация жүргізілетіні айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Freepik Фото: Freepik

Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артып барады: жыл басынан бері 11 мың адам тіркелді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі түрлі себептермен екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, екпе алмаған балалар не медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім туралы қағаз алғандар, не ата-аналары интернеттегі жалған ақпараттың әсерінен екпеден бас тартқан.

"Жағдайды ауыздықтау үшін бас мемлекеттік санитария дәрігері 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, қосымша вакцинация 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында жүргізіледі", - деді Сұлтанғазиев Сенатта өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, аурушаңдық жағдайы Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында өршіп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети