11 тамыз 2015 15:51

Қазақстанда мемлекеттік қызметте басшы жаңа жұмысқа өзінің командасымен ауыса алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда бірінші төраға жаңа жұмыс орнына өзіне қарасты бірнеше қызметкерімен бірге ауыса алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда бірінші төраға жаңа жұмыс орнына өзіне қарасты бірнеше қызметкерімен бірге ауыса алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықтың алдын алу департаментінің директоры Әли Көмекбаев "командамен ауысудың" ерекшеліктерін айтып берді.

Тілшілер таяуда ғана кадрлық ауыс-түйіс болғанын еске салды. "Соңғы реформаға сәйкес, әкімдер командасындағыларды өзімен бірге әкете ала ма?", - деп сұрақ қойды тілшілер.

"Қазір дайындалған заң жобасының аясында келесі жылдан бастап басшы ауыстыру тәртібімен көмекші, кеңесші мен хатшыны конкурстан тыс өзі тағайындай алады", - деді Көмекбаев.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың желтоқсан айында "ҚР мемлекеттік қызмет істері жөнінде заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Заңға қол қойылған болатын. Сол заңда басшы жұмыс ауыстырған кезде өзімен бірге "командасын" да әкетуге тыйым салынған болатын.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети