21 желтоқсан 2021 17:08

Қазақстанда ПТР-тест арзандады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.


Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, агенттік баға жағдайын бақылау және COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауды жалғастырып жатыр.

"2021 жылғы 6 желтоқсанда "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бағасын 6 400-ден 4 900-ге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.

Баға 6 мың теңгеге дейін төмендегені Алматыда ("Иннова" зертханасы) байқалады, ал Атырау облысында (Interteach, "Вестерн", "Достар Мед Престиж") 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін екені айтылды.

"Түркістан облысы бойынша ведомство департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасының монополияға қарсы комплаенсі аясында медициналық мекемеде бағалар 7 000-нан 4 900-ге теңгеге дейін төмендетілді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстан бойынша бөлімшелер бар ірі желілік зертханаларда COVID-19-ға ПТР-тест бағасы өзгеріссіз қалады, оларда орташа есеппен баға 7400 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети