29 мамыр 2015 12:22

Қазақстанда темекі шегетіндердің портреті жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Uusisuomi.fi © Uusisuomi.fi

Қазақстанда ересек адамдар арасында темекі тұтыну туралы сауалнама жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда ересек адамдар арасында темекі тұтыну туралы сауалнама жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауалнама барысында 4425 адамнан жауап алынды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмилә Баттақованың айтуынша, сауалнама нәтижесінде халықтың 22,4 пайызы темекі өнімін тұтынатыны белгілі болды.

"Айта кету керек, қалалық жерлерде 25,6 пайыз тұрғын темекі шегеді. Ал ауыл тұрғындарының 18,2 пайызы осы өнімді тұтынады. Яғни, қалалық жерлерде көбірек. Ал насыбай тұтынатындар саны қалалық жерлерде 4 пайыз, ауылдарда 1,2 пайыз. (...) Кальян шегетіндер 2,9 пайыз, электронды темекі тартатындар 1,7 пайыз болды", - деді Баттақова.

Оның айтуынша, темекі шегетіндердің 42,4 пайызы ер адамдар, 4,5 пайызы - әйелдер. Жас аралығы 25-40 арасында.

"Қазақстанда әрбір бесінші адам, яғни халықтың 19 пайызы жұмыс орнында, әрбір үшінші адам, яғни 33 пайыз халық қоғамдық орындарда темекі шегеді. Сондықтан да Кодекстің 159-бабына өзгерту енгізу жеткіліксіз, органдар жұмыс істеу керек. Қоғамдық рейдтерге шығу тиімсіз, себебі бізде мұндай құзыр жоқ", - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры.

Ол сауалнамаға қатысқандардың көбі темекі шегудің зияны туралы сұрағандарын айтты. "64 пайыз адам темекіні тастауға қызығушылық білдірді; 3,6 пайызы келесі айдан бастап темекі шегуді тоқтататынын айтты; 12,6 пайызы осы жыл ішінде тастайтынын мәлімдеді; 47,7 пайызы тастағысы келетінін, бірақ жақын арада мұндай қадамға бармайтынын айтты; 29,5 пайызы темекіні тастауға тырысты. Сонымен қатар, темекі шегетіндердің 85,2 пайызы оны дүкеннен сатып алатыны белгілі болды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети