06 маусым 2023 10:40

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қазақстандық арнайы ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау байқалды, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық арнайы ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау байқалды, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.

"Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз. Мамандар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді корпорацияның баспасөз қызметі өкілдері.

Әзірше редакцияның WhatsApp нөміріне қызмет алу мүмкін емес екені туралы ақпараттар келіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети