04 қыркүйек 2015 11:07

Казақстандық елшілер Ақжарқын Тұрлыбайды отанына экстрадициялау үшін бар мүмкіндікті пайдаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Қазақстандық тарап есірткі таcымалы үшін Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды отанына экстрадициялау үшін бар мүмкіндікті пайдаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытайдан.


Қазақстандық тарап есірткі таcымалы үшін Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды отанына экстрадициялау үшін бар мүмкіндікті пайдаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қытайдан.

Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышевтың айтуынша, қызды Қазақстанға дәл қазір әкелу мүмкін емес.

"Ақжарқын Тұрлыбайға келер болсақ, біз осы негізде үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Дәл қазір отанына әкелу мүмкін емес. Сот шешімін шығарды. Біздің тарап пен Тұрлыбайдың адвокаты сот шешіміне шағымдандық, жақында қайтадан сот отырысы болады, содан кейін ғана біз Қытайдың Бас прокуратурасымен және Юстиция министрлігімен жұмыс істеп бастаймыз. Оның Қазақстанға экстрадициялануы  үшін бар мүмкіндікті пайдаланамыз", - деді Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети