23 маусым 2014 15:44

Қазақстандық ғарышкер Қытай жерінен ғарышқа ұшуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстандық ғарышкер қытайлық техникамен ғарышқа аттануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа сілтеме жасап. 


Қазақстандық ғарышкер қытайлық техникамен ғарышқа аттануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа сілтеме жасап. 

"Қазіргі кезде біз қытайлық әріптестерімізбен жұмыс істеп, қазақстандық ғарышкерді қытайлық техникамен ғарышқа ұшыруды қарастырып жатырмыз", - деп атап көрсетті Мұсабаев бүгін журналистерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, бұл мәселе Ресей Федерациясымен де пысықталып жатыр.

Мамырдың басында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агенттік басшысы қазақстандық азаматтың ғарышқа ұшатынын, алайда оның қазақ болуы екіталай екенін айтқан болатын. Сол кезде журналистердің "Қазақстан азаматын ғарышқа қашан жібереміз?" деген сауалына Мұсабаев мырза: "Қызық сұрақ қоясыздар өзі, бұл пойыз немесе ұшақ емес қой, ішіне отырғызып қойып, жібере салатын", - деп бастады. Оның айтуынша, бұл - мемлекет басшылардың деңгейінде қаралатын мәселе. "Оны іске асыру оңай емес. Себебі дәл қазір орбитада ресейлік "Мир" станциясы емес, халықаралық ғарыш станциясы (ISS) жұмыс істеп жатыр. Бұрын ғарышқа кімді жіберетінін Ресей шешсе, қазір жағдай басқаша. Бірден айтайын, Қазақстан ISS-ке кірмейді. Оған Еуропа, АҚШ, Ресей, Жапония, Канада сияқты 20-ға жуық мемлекет кіреді. Сондықтан сіздер айтқандай, өз азаматымызды ғарышға жіберу үшін аталған елдердің барлығы рұқсат беруі тиіс. Әрине, ол - өте қиын мәселе. Қазір ғарышкерлердің ұзын-сонар кезегі бірнеше жылға созылады. Соған қарамастан, біз нақты шараларды атқарып, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Оңтайлы шешімдер де жоқ емес. Біз алдын ала айта аламыз, бәлкім  ол бастама 2017 жылы жүзеге асады", - деді Мұсабаев.

Алайда оның қазақ болуы екіталай. "Ғарышқа Қазақстан азаматы ұшады деп айтқан жөн. Бұл жерде біз қазақ туралы айтып отырған жоқпыз. Мұсабаев немесе Мырқымбаев деп... Ең бастысы, ол Қазақстан азаматы болуы тиіс", - деді Мұсабаев. Бүгінде ғарышкер полковник Айдын Айымбетов - негізгі үміткерлердің бірі. "Әзірше, ол тізімде бірінші болып тұр. Бірақ бұл әзірше. Біз басқа адамадарды да дайындайтын боламыз", - деп атап көрсеткен Мұсабаев мырза.

"Енді қазір біз пилоттық ғарышпен айналыса алмаймыз. Оған әлі дайын емеспіз. Дегенмен, қазақ халқының өкілдері тағы да ғарышқа ұша ма? деген сұраққа мен: "Ұшады, мен оған сенімдімін", - деп талай рет жауап бергенмін. Мен бұл мәселені былтыр Бейжіңде Қытайдың ғарыш әкімшілігі жетекшісімен болған кездесуде де көтерген болатынмын. Егер Ресеймен ештеңе шықпаса, онда біз өз ғарышкерімізді Қытайдан жіберетін шығармыз", - дейді Мұсабаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети