05 қаңтар 2016 10:06

Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі © ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қар мен боранға байланысты Самара - Шымкент автожолының учаскесінде, Белогорка ауылынан Хромтау қаласына дейін көліктің барлық түрі үшін түн ортасында қозғалысқа тыйым салынды. Сонымен қатар, 4 қаңтардан бастап Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (Ембі қаласынан Шалқарға дейін) тас жолында 92-257 шақырымдарда қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында 3 қаңтардан бастап жаңбыр мен балшыққа байланысты жолдар жабылды. Қызылорда - Павлодар тас жолының 216-424 шақырымдарында қозғалыс шектелді, яғни Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазғанға дейін. Тыйым көліктердің барлық түру үшін салынды.

Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты көршілес Қарағанды облысында 3 қаңтардан бастап Қызылорда - Павлодар жолының учаскелері жабылды - 12-ден 216-шақырымға дейін (Қызылордадан Қарағанды облысына дейін).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети