24 сәуір 2014 13:51

Кеден одағында өнім өндіруді өзара бөлісіп алған жөн - кәсіпкерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Бүгінде Кедендік одақ елдері бәсекеден бұрын кімнің немен айналысатынын анықтап алған жөн. Себебі нағыз бәсекенің көкесі Дүниежүзілік сауда ұйымында басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының агроөнеркәсіп кешені комитетінің хатшысы Бауыржан Қасеновке сілтеме жасап.


Бүгінде Кедендік одақ елдері бәсекеден бұрын кімнің немен айналысатынын анықтап алған жөн. Себебі нағыз бәсекенің көкесі Дүниежүзілік сауда ұйымында басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының агроөнеркәсіп кешені комитетінің хатшысы Бауыржан Қасеновке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан үшін Кедендік одақта ауыл шаруашылығы бойынша кейбір жобаларды іске асырған тиімсіз. Өйткені Ресей мен Беларусьтің ауыл шаруашылығы саласы Қазақстанға ұқсас. "Сондықтан бізге бірлесіп, кімнің немен айналысатынын нақты айқындап алған жөн болар. Мәселен, қандай да бір өнімді осы жақта шығарған тиімді болса, онда оны Қазақстан өндіріп, тауардың басқа түрін өзге жерде шығаруға болады. Болашақта біз оның барлығын реттейміз деп ойлаймын. Бірнәрсе бізде өндірілсе, басқасын оларда (Ресей мен Беларусь - авт.) шығаруға болады ғой. Былайша айтқанда, қазір Кедендік одақ аясында бір-бірімен бәсекеге түсудің қажеті шамалы. Біз оны жақсы түсінеміз. Алдағы уақытта соған келеміз. Ал қазіргі интеграциялық үдерістер бізге Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге көмектесуі тиіс. Сонда бәсеке де қызады. Қазір болса, біз бірлесіп жұмыс істеп, өзімізге ыңғайлы салаларды дамытып алуымыз қажет", - деді Қасенов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Маманның сөзіне қарағанда, Қазақстанның жоғары сұрыпқа жататын астығы бұрыннан бері бағаланып келеді. Ресей мен Беларусь астықтың көлемі көп болса да, жоғары сұрыптың мөлшері 30%-дан аспайды. Ал бізде оның көрсеткіші 90-95%-ды құрап отыр. Мәселен, Ресей өз астығын сыртқа сатса, Қазақстан Сібір аймақтарына өз өнімін жеткізе алады. Сөйтіп, бәсекеге түспей, нақты бір жүйе бойынша жұмыс істеуге болады. Бұдан басқа, Қазақстанның жайылымдарын тиімді пайдаланып, қой шаруашылығын барынша дамытуға мүмкіндік бар. "Қазір Иран қозы етінің 40 мың тоннасын сатып алуға даяр. Өкінішке қарай, біз ондай өнімді бере алмай отырмыз", - дейді Қасенов.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети