24 желтоқсан 2015 19:28

Келімбетов жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қайрат Келімбетов "Астана" қаржы орталығының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қайрат Келімбетов "Астана" қаржы орталығының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы болып тағайындалды", - делінген Өкімнің мәтінінде.

Қайрат Келімбетов 2015 жылдың 2 қарашасына дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметінде болды. Еске салайық, таяуда Келімбетов тілшілерге Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы қызметінен кеткеннен кейін немен айналысып жүргенін айтып берген болатын. Сол уақытта "Астана" қаржы орталығын басқару туралы сұрақ қойылды. "Бұл сұрақты шешім қабылдайтын адамға қойыңыздар", - деген еді Келімбетов. Қазір ол кеңес берумен айналысып жүргенін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети