12 желтоқсан 2022 14:47

Көлгінов сынға көзқарасы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер Алтай Көлгінов астаналықтардың бұрынғы әкім қызметіне қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вице-премьер Алтай Көлгінов астаналықтардың бұрынғы әкім қызметіне қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы кулуарында журналистер Астананың бұрынғы әкімінен өзіне қатысты айтылған сынға қалай қарайтынын сұрады.

"Білесіздер, жұмыста сын болады. Мен сынға объектив түрде қараймын. Бірақ атқарылған істерді де жоққа шығаруға болмайды. Бірлескен жұмысы үшін елордалықтарға алғыс айтамын, әріптестеріме ризамын. 3,5 жыл, бұл жылдар оңай болмады. Екі жыл пандемия, 2019 жылы да көптеген мәселе болды, әр жылдың өз қиындықтары бар. Бірақ елордалық ұжым (әкімдік – еск.) қолдан келгеннің бәрін жасады деп ойлаймын. Жаңа әкімге тек табыс тілеймін, астаналықтарға елордамыз дами берсін деп тілеймін", - деді Көлгінов журналистер сауалына жауап бере отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети