09 қараша 2021 10:57

Коронавирус штамдарын анықтайтын ПТР-тест жасалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ұлыбританияда коронавирус штамдарын анықтайтын ПТР-тест жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MedRxiv зерттеуіне сілтеме жасап.


Ұлыбританияда коронавирус штамдарын анықтайтын ПТР-тест жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MedRxiv зерттеуіне сілтеме жасап.

Зерттеу авторлары назофаринстен алынған үлгілерде коронавирустың немесе SARS-CoV-2 шығуының түрлі нұсқаларын дәл анықтауға мүмкіндік беретін сандық полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісін ойлап тапты. Оның ерекшелігі сол - вирус нұсқаларын дәл уақытта, тіпті вирустық РНҚ деңгейі төмен үлгілерден де таба алады.

Ұлыбританиялық зерттеушілер жаңа әдісті аллель-спецификалық зонд ПТР деп атады. Оның көмегімен жұқтырған адамдардың 1000-ға жуық үлгісі тексерілді. Тестілеу COVID-19 альфа және гамма нұсқаларына тән мутацияны көрсетті.

Сонымен қатар, ғалымдардың пікірінше, бұл әдістің тағы бір артықшылығы ретінде болашақта коронавирустың жаңа штамдарын анықтау үшін оңай өзгертуге болатынын айтуға болады.

Бұған дейін Ұлыбритания америкалық Merck және Ridgeback Biotherapeutics компаниялары жасаған "Молнупиравир" COVID-19 препаратын мақұлдаған әлемдегі бірінші ел болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети