04 қыркүйек 2022 11:45

Қостанай облысындағы өртке Қарулы Күштер жұмылдырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігі

Қарулы Күштер Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарулы Күштер Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өртті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды.

Өрт болған жерлерге елордалық әскери-көлік авиациясынан 121-ден аса десантшы, сондай-ақ, халықты эвакуациялауға көмек көрсететін жергілікті бригаданың тұрақты құрамынан 45 әскери қызметші келді", - делінген хабарламада.

Қостанай облысына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 25 арнайы техника мен 50 әскери қызметші жіберілген. Ал "Астана" өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети