04 қараша 2014 11:15

ҚР Білім және ғылым министрлігінен 9,5 миллиард теңге өндірілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ") ҚР Білім және ғылым министрлігінен e-learning жобасы бойынша 9,5 миллиард теңге өндіріп алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ") ҚР Білім және ғылым министрлігінен e-learning жобасы бойынша 9,5 миллиард теңге өндіріп алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз өткен жылдан бері сотқа шағымданған едік, сотқа дейінгі тәртіппен мәселені реттеу мүмкін болмады. Қазір барлық инстанциядан өттік, сотта жеңіп шықтық. Жұмыстардың орындалуы тиіс екендігі расталды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта бюджетте қаражат қарастырылмаған. Келер жылы жұмысты орындаған компанияларға қаражат төленетін болады", - деді "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев Tengrinews.kz тілшісіне Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының үзілісі кезінде.

Ол тараптардың бәрінің жағдайды дұрыс түсінгенін айтты. "Қазір орындалып жатқан кейбір рәсімдер бар. Жобаның аяқталуын күтпей қаражат бюджетке қайтарылғаннан кейін сот тәртібімен жұмыстардың орындалғанын растау керек. Үкімет бұл қаражатты қайтадан өндіріп алуы үшін сот органдарының мақұлдағаны қажет. Келер жылдың басында біз бұл қаражатты аламыз деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта қарыз 9,5 миллиард теңге болып тұр. Жобаның жалпы құны - 15 миллиард теңге, жартысы аванс ретінде төленген", - деді Еңсебаев.

Оның айтуынша, e-learning жүйесі 1159 мектепте енгізілген, жұмыстарды қағаз жүзінде қайта көшіру керектігіне қарамастан, мектептердің 70 пайыздан астамы оны белсенді түрде қолданып отыр. "Біз ынтыматастықты жалғастырамыз, өйткені бұл жүйе - білім беру сапасын арттырудың шынайы мүмкіндігі: ол мұғалімдерді білім беруден тыс жұмыстардан босатады. Қазір жүйені басқаруды қайта қарау мәселесі қарастырылып жатыр, себебі "НИТ" интегратор ретінде анықталған еді. Министрлік оны басқаруды өз қолына алуы керек", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшысы.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 19 қарашасында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова ведомствоның "ҰАТ" АҚ-пен келісімшартты тоқтататынын хабарлаған болатын. "Биыл е-learning жобасын қаржыландыру 15 миллиард теңге болды. Бүгінде 2013-2015 жылдардың бюджетін рәсімдеу жүріп жатыр. Бюджетті нақтылау кезінде жобаға түзету енгізу қажеттілігіне байланысты 10 миллиард теңге көлемінде қаражат алып тасталды. Бүгінде жоба құны - 5 миллиард, оны біз заңнамаға сәйкес төледік", - деп мәлімдеген еді Ғалымова. 

Кейін жоба операторы - "ҰАТ" АҚ өкілдері 2013 жылдың жұмыстары 95 пайызға орындалғанын хабарлады. "2013 жылға арналған келісімшарт бойынша жоба 15 миллиард теңге болы, оған техника жеткізу, Интернет, локалдық желілер, цифрлық ресурстар кіреді. 5 миллиард теңге көлемінде аванс төленді, ол жеткізушілерге тең дәрежеде бөлінді. Соған сәйкес, қалдық қарыз 10 миллиард теңге болды", - деп мәлімдеді 2013 жылдың соңында "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети