30 желтоқсан 2019 11:22

ҚТЖ филиал директоры қаражат ұрлағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Жамбыл магистральды желісінің бөлімі" - "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т. С. Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген.

"Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде - жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

"Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т. С. Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.14   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети