30 сәуір 2024 16:51

Павлодарда жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырғандар жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзу дерегін анықтады.

"Назарбаев даңғылы мен Ломов көшесінің қиылысында бірнеше көліктен тұратын кортеж қатысушылары көлік терезесінен шығып отырған. Бұл төтенше жағдай туғызды.

Полиция той кортежін тоқтатты. Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети