24 ақпан 2023 09:28

Күрделі жөндеу әлде бұзу? Астанадағы Тәуелсіздік сарайына не болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:indepalace.kz Фото:indepalace.kz

Тәуелсіздік сарайын бұзу туралы қауесеттерге қатысты Astana Venue Management ЖШС пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тәуелсіздік сарайын бұзу туралы қауесеттерге қатысты Astana Venue Management ЖШС пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік сарайы бұзылды деген ақпарат бұған дейін Telegram желісіндегі аноним арналарда пайда болған еді.

Алайда Astana Venue Management Tengrinews.kz тілшісіне берген пікірде, бұл ақпарат жалған екені айтылды.

"Тәуелсіздік сарайы бұзылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Дегенмен, ғимаратты техникалық тексеру шатырдың металл құрылымдарында ақаулар бар екенін көрсеткенін ескере отырып, құрылымдық жабынның жекелеген элементтерін нығайта отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді компания өкілдері.

Жөндеу жұмыстары биыл наурызда басталады деп жоспарланған.

Бұған дейін ғимаратқа күрделі жөндеу немесе қайта құру жұмыстары жүргізілмеген, деп қосты компания өкілдері.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайы – ресми мемлекеттік іс-шаралар, форумдар, кездесулер, жиындар, съездер өтетін ғимарат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети