06 қазан 2014 17:33

Лион соты Әблязовті қамаудан босатудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский

Лионның апелляциялық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті қамаудан босатуды сұраған адвокаттың өтінішін қабылдамай тастады, - деп хабарлайды AFP.


Лионның апелляциялық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті қамаудан босатуды сұраған адвокаттың өтінішін қабылдамай тастады, - деп хабарлайды AFP.

Соттың тергеу палатасының төрағасы Люк Фонтеннің айтуынша, бұған босатылған жағдайда Әблязовтің сот төрелігінен жасырынбайтынына кепілдік берілмеуі себеп.

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко экс-банкирдің ісіне қатысты ойын білдірген еді. Ол бұл іс бойынша Ресеймен ешқандай ынтымақтастық болмайтынын айтты. "Украина Бас прокуратурасының басшылыққа алатыны - Украина аумағында украин заңнамаларын бұза отырып және Украина мемлекеті мен халқына, жеке және заңды тұлғаларына шығын келтіре отырып жасалған қылмыс. Тағы да айтамын, бұл мәселе жөнінде Ресеймен ешқандай ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес", - деді Порошенко. Айта кетейік, Мұхтар Әблязовті экстрадициялауға Ресеймен бірге Украина да мүдделі. 

Қазақстанда Мұхтар Әблязов алты миллиард доллардан астам сомаға қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Ол 2013 жылдың 31 шілдесінде Францияда ұсталды. Содан бері қамауда отыр. Француз әділет органдары Әблязовтің бостандыққа шығу туралы өтінішін бірнеше рет қабылдамай тастады. Алғашқы инстанциядағы сот бизнесменді Ресейге экстрадициялауға шешім шығарды, бірақ алғашқы процесте жіберілген заңбұзушылыққа байланысты іс қайта қарауға қалдырылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети