25 қаңтар 2024 17:52

Миллиард теңгеден аса қаржыны заңсыз иемдену: ҚМА істі тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және әкімдіктің атсалысуымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 миллиард теңге және Бәйдібек аудандық білім басқармасымен 600 миллион көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгінде аталған 2 аудан бойынша мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден асады.

"2020-2023 жылдар аралығында "1С: Бухгалтерия" есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды.

Соталды тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс бойынша жауапкерлер 120 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети