07 сәуір 2022 10:59

Министр Қазақстандағы жаңа облыстар қашан бөлінетінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа аймақтарды бөлу туралы шешім бір жарым ай ішінде қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа аймақтарды бөлу туралы шешім бір жарым ай ішінде қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің білуімше, облыстардың бюджетін бөлу және шекараны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана ШҚО шекарасы шамамен, қалай бөлінетіні туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Әзірге жаңалық жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа облыстар бойынша Үкіметтің экономикалық блогы айналысып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір жарым айда шешім қабылданады", - деді министр Сенат отырысынан кейін.

Бұған дейін ШҚО-да облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети