21 шілде 2022 15:34

Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: qamqor.gov.kz Фото: qamqor.gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқықтық статистика органдары порталында Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Іздестіретін орган - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

Іздеудегі адамның туған күні қате көрсетілген болуы мүмкін

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети